«Бұдан былай сендерге әрдайым разы болып, әсте ашуланбаймын!»
Әбу Саид (р.а.) жеткізген хадисте:«Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): «О дүниеде Алла Тағала жәннаттық құлдарына: «Әй, жәннаттық құлдарым!» – дегенде олар: «Ләббәйк» (алдыңдамыз) Раббымыз! Әміріңе құлдық! Барлық жақсылық Сенің ғана қолыңда!» – деп айтады. Сонда Алла Тағала олардан: «Маған ризасыңдар ма?» – деп сұрайды. Олар: «Уа, Раббымыз! Әрине, ризамыз! Шынында, Сен бізге ешбір жаратылысқа нәсіп етпеген ең үлкен нығметті бердің. Саған қалай риза болмаймыз?» – деп тіл қатады. Сонда Алла...