«Бұдан былай сендерге әрдайым разы болып, әсте ашуланбаймын!»
«Бұдан былай сендерге әрдайым разы болып, әсте ашуланбаймын!»

Әбу Саид (р.а.) жеткізген хадисте:
«Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): «О дүниеде Алла Тағала жәннаттық құлдарына: «Әй, жәннаттық құлдарым!» – дегенде олар: «Ләббәйк» (алдыңдамыз) Раббымыз! Әміріңе құлдық! Барлық жақсылық Сенің ғана қолыңда!» – деп айтады. Сонда Алла Тағала олардан: «Маған ризасыңдар ма?» – деп сұрайды. Олар: «Уа, Раббымыз! Әрине, ризамыз! Шынында, Сен бізге ешбір жаратылысқа нәсіп етпеген ең үлкен нығметті бердің. Саған қалай риза болмаймыз?» – деп тіл қатады. Сонда Алла Тағала: «Сендерге бұдан да үлкен нығмет нәсіп етейін бе?» – дейді. Жәннаттықтар: «Мұнан да үлкен қандай нығмет болуы мүмкін?!» – дейді таңданыстарын жасыра алмай. Сонда Алла Тағала: «Бұдан былай сендерге әрдайым разы болып, әсте ашуланбаймын!» – деп айтады», – деген.

Инша Алла!!! Баршамызға Ұлы Раббымыздан осы бір ееең керемет, ееең жағымды, ееең қымбат, ееең қуанышты хабарды естуді Алла нәсіп етсін!!!

Сандыбай МейіржанСандыбай Мейіржан
5 жыл бұрын 2098
0 пікір
Блог туралы