"Ал сен бәрінен бағалысың!"
"Ал сен бәрінен бағалысың!"

Соңғы кездері әлемдік бокстың "патшасы" Мұхаммед Алидің өміріне назарым ауып жүр. Оның қызы Ханна Алидің асқар тауы әкесіне арнап жазған кітабы бар екен. Содан бір үзіндіні ұсынайын деп едім. Керемет айтылған сөздер!

«Біз үйге келісімен, жүргізуші кісі мені және менің кіші сіңілім Лейланы әкемнің бөлмесіне алып кірді. Әдеттегідей ол есік артына тығылып, бізге тосын сый жасады. Көре салысымен құшақтасып, сүйіп жаттық. Содан кейін әкем маған мұқият қарады. Аз уақыттан кейін тізесіне отырғызып, өмір бойы ұмытпайтындай мына сөздерді айтты:

«Ханна, Алла Тағаланың жаратқан барлық құнды заттары жасырын және қолжетімсіз келеді. Айтшы, бриллиантты қайдан табуға болады? Әбден қорғалған, мықты панасы бар жердің қойнауынан. Ал гауһарды қайдан табуға болады? Тереңде, мұхиттың түбінде, жабылған және қорғалған әдемі қабыршақтың ішінен. Алтынды қайдан табуға болады? Жердің миллиондаған қабаттарымен және тастармен жабылған шахтадан. Оларға жету үшін ауыр жұмыстар жасауға тура келеді...»

Осыдан кейін салмақты кейіппен тағы да қарады: «Ал сенің тәнің – қасиетті. Сен бриллиант пен гауһардан да құнды әрі бағалысың және сол секілді жабулы болу керексің» деді».

Сандыбай МейіржанСандыбай Мейіржан
8 жыл бұрын 3293
0 пікір
Блог туралы