Жүздің біріншісі!
Жүздің біріншісі!

Ассаламу ғалейкум құрметті жамағат!

Жақында ғаламтордан Пайғамбарымыз (с.ғ.с) жайлы мағлұмат іздеп отырып, мынандай бір кітапқа тап болдым. Кітаптың атауы «100 ұлы тұлға», авторы американдық зерттеуші Майкл Харт. Cол кітаптан бір үзіндіні сіздерге ұсынайын деп едім.

Майкл Харт:

Әлемге ықпалын тигізген тарихи тұлғалар тізімінде Мұхаммедтің жүздің біріншісі болып тұрғаны, біреулерді таңырқатса, енді біреулер бұған наразы болар. Бірақ, адамзат тарихында  діні мен жеке қоғамдық-саяси өмірінде айтарлықтай үлкен жетістіктерге жеткен жалғыз тұлға – Мұхаммед.

Бұл кітаптағы айтылған тұлғалардың басым көпшілігі тарихта мәдени ошақ болған жерлерде, өркениеті дамыған халықтардың арасында туып өскен.

Қарапайым ортадан шыққан Мұхаммед, ұлы әлемдік діннің негізін құрумен қатар, керемет нәтижелерге қол жеткізген саяси басшыға айналды.

Мұхаммедтің оқиғасына сәйкес тарихта болған монғол шапқыншылығын алуға болушы еді. Бірақ, Шыңғыс ханның әскері айтарлықтай жерлерді жаулағанымен, олардың әлемдегі ықпалы уақытша ғана болды.

Бәрінен де кереметі, Мұхаммедтен кейін сан ғасырлар өтсе де, оның бастап кеткен ісі, әлі күнге дейін өте қарқынды дамуда! Міне, Мұхаммедтің әлемге тигізген ықпалының нәтижесі,  оны 100-дің 1-сі етіп таңдауыма себеп болды!

 

Иәәә...Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.ғ.с) бірінші болып тұруы мені қатты қуантты. Бұл әрине ғажап емес. Бірақ бір тамсандырғаны, Пайғамбарымызды (с.ғ.с) таныған өзге діннің адамы болсын, оның қайталанбас көркем болмысының алдында еріксіз бас иетіні.  Басқаша болуы да мүмкін емес еді! Өйткені Алла Тағаланың өзі  "Шын мәнінде сен ұлы көркем мінездің иесісің!" демеп пе еді? Сүйікті Пайғамбарымыз (с.ғ.с) әрдайым біз үшін бойымызды түзеп, үлгі алатын алып тұлға. 100-дің ғана емес, күллі адамзат тарихында қанша алып тұлғалар болса, мен үшін олардың 1-шісі әрдайым Пайғамбарым Мұхаммед Мұстафа (с.ғ.с) болып қала бермек!

             

 

Мұхаммед пайғамбар, Мұхаммед (с.а.у.)
Сандыбай МейіржанСандыбай Мейіржан
9 жыл бұрын 3926
7 пікір
Блог туралы