Таусылмасын десеңіз...
Таусылмасын десеңіз...

Ассаламу ғалейкум құрметті жамағат!

Осынау күйбелең тіршіліктің ортасында, жан-дүниеміздің қамын ойлап жұмыс істейміз! Бірін аяқтап, мен мұндалап күтіп тұрған екіншісіне кірісе кетеміз. Кей кездері олардың көптігі соншалық бастарымызды көтере де алмай қаламыз. Оларды бітіру үшін ешнәрсемізді аямаймыз. Тіпті кей біріміз күндіз күлкіден, түнде ұйықыдан қаламыз. Сөйтіп жүріп күш қуатымыздың өлшемі 0%-ға бірақ барып, өшіп те қалып жатқан кездеріміз болады. Осы тұста «Мұны қалай жеңуге болады?», «Не істесе адам аз шаршайды»?  деген сауалдар пайда болады. Оның бірден бір жауабы, адам салауатты өмір салтын ұстанғаны жөн! Біздің әр біріміз денсаулығымыздың мықты, денеміздің шымыр да күшті болғанын қалаймыз. Бірақ біз осыған жету үшін қаншалықты амал етіп жатырмыз? Сондай амалдардың негізігісі – ЖҮГІРУ.

Спорттың бұл түрін ұстанатын адамдардың пікірі екіге бөлінген. Бір жақ  «тәңертең жүгірген дұрыс» десе, қарсы бет «кешкі самалмен жүгірген артығырақ» деп санайды. Бірақ мен мұнда Сіздермен тек өз жинаған тәжірибеммен бөліссем деймін) Өз басым таң ертеңгі жүгіруді құптаймын.

Неге «Таңғы жүгіру»?

  1. Таңғы салқынмен жүгіру,  денеңіздің түнгі ұйқыдан оянуына жақсы септігін тигізеді. Соның арқасында адам күні бойы сергек  жүреді.
  2. Таң ертеңгі ауа, кешкіге қарағанда түтінмен, түрлі улы газдардан, шаңнан, әлде қайда тазарақ болады. Бұл ауаның тазалығы Сіздің, тыныс алу жүйеңіздің қызметін жақсартады екен.
  3. Физикалық тұрғыдан Сізге салмақ түскенімен, жаттығудан кейін жаңа бір қуаттың бойға тарағанын сезесіз! Кешкі жүгіруде, мұндай эффектіге қол жеткізу ықтималы аз. Себебі адам бір күндік шаршауының үстіне, тағы салмақ түсіреді.
  4. Оның үстіне таң сәріде, жұмыс айтарлықтай қызбаған кезде, бір 30 минутыңызды бөле аласыз. Ал, кешкі  қарабалас уақытысында, тіпті ол жайлы ойлаудың өзі, ауыр көрінеді (Кешке жүгіретін адамның, жаттығуды қойып кету ықтималдығы көбірек болады екен).

 

Қайырлы таң, жүгіруге дайынсыз ба?)))

Қай уақытта жүгіретінімізді шештік, енді жүгіру барысына тоқтала кетейік. Ұйқыңыздан тұрысымен, киіміңізді киіп, далаға шығып, бас салып жүгірген дұрыс емес. Сіздің ағзаңыздың оянуына 10-15 мин бергеніңіз дұрыс. Бір стақан су ішіп алсаңыз артық етпес. Ағза толық оянған кезде, аз ғана жаттығу жасап жіберіңіз! Бұл жүгірген кезде, сіңір тартылу, буын ауырудың алдын алады.

Егер Сіз бұл істе тәжірибеңіз болмаса, аздан бастаған дұрыс! Мысалы алғашқы күндері 10 минуттан жүгіріңіз. Сөйтіп күн сайын үстіне 2-3 минуттан қосып отырыңыз. Өз басым 30 минуттан жүгіремін. Бұл айтарлықтай көп емес, бірақ осының өзі бойымды сергітіп, бір күнге жетерлік күшпен қамтамасыз етеді.

НАЗАРЫҢЫЗҒА: Алғаш бастаған күні 10 минут, екі үш күннен кейін 30 мин, немесе, 1 сағат жүгіріп тастаймын дегеннен аулақ болыңыздар! Себебі, ағзаға түсетін салмақтың аз-аздан және біркелкі болып артқаны дұрыс! Қарсы болған жағдайда зиянын тигізуі мүмкін.

Жүгіріп болдыыыық...Енді не істейміз?) Шіркін, салқын душ болсааа! – дейді базы біреулер. Болады) Бірақ, қызып тұрған денеңізді, қалыпты температурасына түсіріңіз. Онда да қатты салқын емес, жылымшы болғаны дұрыс! Егер уақытың болса, ауыр жаттығулармен де айналысуға болады.

ТАҒЫ ДА НАЗАРЫҢЫЗҒА:

Терлеп-тепшіп жүгірген соң, үйге келіп, демімді басамын деп, бірден жатуға немесе сол қызу денеңізбен ұйықтауға қатаң тыйым салынады. БҰЛ ЗИЯН!

 

Жүгірудің нәтижесі!

  • Алла нәсіп етсе, 1-2 аптадан кейін-ақ денсаулығыңыздың әлде қайда жақсарғанына куә боласыз!
  • Артық салмағым бар дегендер, оны біртіндеп жоғалта бастайды. Тұла бойыңыздағы бұлшық еттеріңіз қатайып, қуаты артады. Қимыл шапшаңдығыңыз көбейеді. Тән сұлулығы да осындай еңбектің нәтижесімен келеді.
  • Физикалық жақсарудан бөлек, психикалық тұрғыдан да жаңарасыз! Ең бірінші, Сіз, Алланың берген «сабырлық» деген асыл қасиетін арттырасыз. Ал, Алла Тағала сабырлылармен бірге ғой! Әдеттегіден мұқият, жинақы, байсалды бола түсесіз!

Міне, құрметті жамағат! Сүйікті Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.а.у.) өзінің бір хадисінде: «Адамдар өздеріне берілген екі үлкен нығмет – денсаулық пен уақыттың қадірін білмейді!» - деген екен. Инша Алла, уақытымызды барынша тиімді, денсаулығымызды барынша жақсартып сақтап, қадіріне жетуге тырысайық. 

Сандыбай МейіржанСандыбай Мейіржан
10 лет назад 4882
7 комментариев
  • Жақсы кеңес екен. Рақмет Мейіржан бауырым. Тағы кеңестерің бар болар, жазбаларыңнан күтеміз.
    10 лет назад
  • Мейіржан бауырым, жақсы кеңес беріпсің оқырманға. Толық келісемін. Мен де таңертең жүзбесем, сол күні тұла бойым ұйысып, болбырап, ешнәрсеге зауқым болмай тұрады. Жүгіруге ешнәрсе жетпейді әрине. Бұрын жүзудің алдында жүгіруші едім. Мына жазбаңнан кейін енді қайта бастаймын. Рахмет!
    10 лет назад
    • Оқасы жоқ, Қайрат аға! Кайта осындай тамаша блог ашқан Сізге, islam.kz сайтының ұжымына алғысым шексіз! Алла істеріңізге берекесін берсін!
      10 лет назад
  • Кеңестеріңізге рахмет. Уятым оянады деген сенімдемін)))
    2 жылдан бері көлігімді сатып, жұмысқа жақын жерден пәтер алып, жаяу жүрем. Бірақ күйбең тіршілікпен жүгіруге мүмкіндік жоқ немесе жалқаулық шығар. Өзімді-өзім мен таңертең жұмысқа жаяу барамын ғой деп жұбатып жүрмін. Ал әріптестерім болса, саған жақсы, таңғы салқынмен жаяу жүресің деп қызығып қояды.
    10 лет назад
  • өте жақсы бауырым ! Денсаулық зор байлық демекші, Аллаһ разы болсын!
    10 лет назад
О блоге